2019 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанға 1,6 млн турист келген. Шетелден келген туристер саны 19%-ға артты, деп хабарлайды LS.
Осы кезеңде елдегі ішкі туризм 15,8%-ға, яғни 1,2 млн адамға артты.
Бұған қоса, I тоқсанда 3,4 мың қонақүй 1,1 келушіге қызмет көрсетіп, 24,5 млрд теңге табыс тапқан. Түскен пайданың өсімі 10,8% болды.
Курорттық аумақтардағы орналастырылған орындар саны 19,8%-ға өсіп, ал демалыс үйлері үш айда 1,7 млрд теңге тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу