Қазақстанға келген туристердің саны 20%-ға артқан

2061

Қазақстанға келген туристердің саны 20%-ға артқан

2017 жылдың I жартыжылдығында Қазақстанға 3,5 млн турист келген, деп жазады LS.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-маусым айымен салыстырғанда 20,4%-ға өскен. 
Сондай-ақ жартыжыл ішінде елден 4,6 млн қазақстандық шетелде демалған, ал 2,2 млн қазақстандық отандық демалыс орындарын таңдаған. 
Статистика мәліметі бойынша, елдегі қонақүй, демалыс үйлері мен шипажайларының саны 2,8 мың бірлікті құраған, олардағы нөмірлер сан  63,8 мың, бір мезгілде 147,9 мың жатын орынды ұсына алады. 
Жартыжыл ішінде қонақүйлер 2,1 млн адамды қабылдап, 44,7 млрд теңге табыс тапқан. Орналастыру орындары қызметін көрсету жыл басынан бастап салыстырмалы бағада 19,4%-ға жеткен. 
Астанада қызмет көрсетілгендер саны 32%-ға, ал көрсетілген қызмет көлемі 38,4%-ға өскен. 
Ал Ақмола облысындағы қонақүлер мен демалыс үйлерінде 137,6 мың адам демалған, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,5%-ға артық. Ал көрсетілген қызмет 3,8%-ға, 2,2 млрд теңгеге дейін жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу