Қазақстанға келушілер көбейіп, кетушілер азая түсті

730

Жылдың бірінші тоқсанында елге 4,1 мың адам келді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден екі есе артты. Ал кеткендер саны бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,3% аз – 5,3 мың. 

Қазақстанға келушілер көбейіп, кетушілер азая түсті

Жалпы елден кетушілер саны осымен үшінші жыл қатарынан азайғаны байқалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме беріп.

Өңірлер арасында азаматтардың басым бөлігі Қарағанды (681 адам), Қостарай (645 адам) және Павлодар (643 адам) облыстарынан кеткен. 

Кетушілер саны Қызылорда облысында аз болды. Бірінші тоқсанда бір ғана адам облыстан кеткен. Бұл кезеңде бір жыл бұрын жеті адам кетіпті.

Ал келушілер Маңғыстау (1,3 мың адам), Алматы облыстары (401 адам) мен Алматы (595 адам) қаласында байқалды. 

Келушілер саны тағы да Қызылорда облысында аз. Небары бір адам келген. Былтыр екі адам келіпті.

Ел азаматтарының көпшілігі (4,1 мың адам) Ресейге кетті. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 7% аз. 

Одан кейін Германия (617 адам), Польша (125 адам), АҚШ (89 адам) және Беларусь (57 адам) елдеріне кетушілер көп.

Ал келушілер қатарында Өзбекстан мемлекеті алда. Былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда төрт есе көп адам – екі мыңнан астам адам келген. 

Келушілер жөнінен көшбасшылар үштігінде Ресей (810 адам) және Түрікменстан (218 адам) мемлекеттері болды. Топ-5 елдің қатарына Қырғызстан мен Қытай кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу