Қазақстанға кіруіне тыйым салынған Тигран Кеосаян қайтыс болды

Бұл туралы жұбайы Маргарита Симоньян хабарлады.  

Қазақстанға кіруіне тыйым салынған Тигран Кеосаян қайтыс болды Фото: ТАСС

59 жасында өмірден озған Тигран Кеосаян Қазақстан туралы ақылға сыймайтын сөздер айтқан еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Кеосаянның клиникалық өлімге тап болғаны, ес-түссіз жатқаны жарияланды. Ресейлік ақпарат құралдары оның екі рет инфарк алғанын жазды.

Қазақстан қоғамында ерлі-зайыпты пропагандистердің сөзі жиі сынға алынды.

Бір ғана мысал, 2022 жылы мамыр айында Қазақстан Жеңіс күніне парад өткізбейтінін мәлімдегенде, Кеосаян Қазақстанға: "Украинаға қараңдар, дұрыстап ойланыңдар! Біздің жауапты адамдар Қазақстанмен қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек!" – деген еді.

Кеосаянның бұл сес көрсеткен сөзі қоғамда қарсылыққа ұшырап, көп талқыланды. Сондықтан Қазақстан сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянның елге келуіне тыйым салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу