Қазақстанға Қытайда құрастырылған әскери ұшақ жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша қарулы күштердің әскери-көлік авиациясы Қытайдың Y-9E әскери-көлігімен толығып отыр.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаңа ұшақ жеке құрамды, әскери жүк пен материалдық құралдарды тасымалдауға арналған.
Техникалық сипаттамалары бойынша Y-9E қолданыстағы C-295 және A400M ұшақтарының арасындағы орынды иеленеді. Ұшақтың авиациялық паркке қосылуы ұшу қашықтығы мен жүк салмағын ескере отырып, әуе тасымалдарын барынша икемді жоспарлауға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу