Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі және "Бір белдеу, бір жол" елдері арасында қытайдың инвестицияның ең көп алушы саналады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды
"Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі саналады. Осы жылдың қаңтар-шілдесінде біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 31,2 пайызға өсіп, 9,27 млрд долларды құрады. Қазіргі уақытта Қытай Қазақстан экономикасына 43 млрд доллар инвестиция салып отыр. Дәл осы жайт Қазақстанды "Бір белдеу, бір ел" мемлекеттерінің арасындағы қытай инвестициясын алушы ең ірі елге айналдырды", - деді ҚХР Коммерция министрлігі Еуропа және Азия департаментінің бөлім бастығы Юй Хунчи (Yu Hongchi) Қазақстанның ЭКСПО "Қытай-АСЕАН" көрмесіне қатысуына орай ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігі өткізген баспасөз мәслихаты барысында.
Оның дерегінше, екіжақты сауданың 30 пайызы энергетикалық ресурстарға тиесілі. Қытайлық компаниялар Қазақстанда 30 мыңнан астам жұмыс орнын құрып отыр. "Бұған қоса, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқандығы байқалады. 2016 жылдың қорытындысында Қазақстан мен Қытай арасындағы агроөнеркәсіп өнімдері бойынша тауар айналымы 638 мың тоннаға жетіп, 40 пайызға жуық өсім көрсетті. Қытай Қазақстаннан 295 мың тонна астық, импорттады. Бұл жаңа тарихи деңгей саналады. Тарихта алғаш рет Қытайға қазақстандық ұн экспортталды", - деді Юй Чунчи. Мұнан бөлек, қытайлық шенеунік екі елдің арасындағы логистикалық және көлік-транзиттік салалар да қарқынды дамып келе жатқандығын баса айтқан.