Қырғызстанның үкімет басшысы ресми іссапармен Қазақстанға келеді

1005

Қырғызстанның үкімет басшысы ресми іссапармен Қазақстанға келеді

Қырғызстанның үкімет басшысы Сапар Исаков Қазақстанға іссапармен келеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, бұл іссапарға ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен 17 қазан күні телефон арқылы сөйлесу барысында қол жеткізілген.
Кездесуде ең алдымен қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе талқыланатын болады.

Бұған дейін хабарлағандай, 10 қазаннан бері Қазақстан тарабы шекарадағы өткізу бекеттерінде қосымша бақылау шарасын енгізіп, осы жағдайға байланысты Қырғызстан ДСҰ-ға шағымданған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу