Қазақстанға қытайлық вакцина жеткізілген жоқ – ДСМ

821

Елімізге Қытайда өндірілген коронавирусқа қарсы вакцина жеткізілген жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Қазақстанға қытайлық вакцина жеткізілген жоқ – ДСМ

"Қытайда өндірілген коронавирусқа қарсы вакцина елімізге жеткізілген жоқ. Қазақстанға жеткізілген әрбір дәрі-дәрмек, вакцина алдымен Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алып, тексерістен өтуі керек", - деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ вице-министр Әлия Назарбаеваның коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның алуына қатысты пікір білдірді.

"Әлия ханым СOVID-19-ға қарсы екпені басқа елде салдырған. Ол вакцинаны турист ретінде алған", - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанға сәуірде коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның 2,5 млн дозасы жеткізілетіні хабарланған.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу