Қазақстанға Люксембург СІМ басшысы келеді

420

Ресми сапар 29 маусымға жоспарланған.  

Қазақстанға Люксембург СІМ басшысы келеді Фото: Ашық дереккөзден

2023 жылғы 29 маусымда Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрі Жан Ассельборн Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Ж. Ассельборн ел басшылығымен, Қазақстан премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанмен, сондай-ақ экономикалық блок министрліктерінің басшылығымен кездесулер өткізеді. Кездесулерде тараптар Қазақстан-Люксембург ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу