Қазақстанға Польша республикасының президенті келеді

919

Қазақстанға Польша республикасының президенті келеді

Қазақстан мен Польшаның сауда-саттық қатынасы Орта Азиядағы өзге мемелекеттермен салыстырғанда 80%-ға жоғары. Екі ел арасында 24 халықаралық келіссөзге қол қойылып, 15 ірі жобаның келісім-шарты қаралу үстінде, деп хабарлайды ortcom.kz.

2016 жылы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польша республикасына барған ресми сапарында құны 845 млн долларды құрайтын 12 жоба қарастырылған. Экономика саласындағы бұл жобалар екі елде іске асырылуда.

Ресми сапар нәтижесінде Польша республикасы Қазақстанға 207 млн доллар инвестиция салды. Экономикалық деклорацияға қол қойылып, ауылшаруашылығы саласы бойынша үкіметаралық келісім жасалды. Польша-Қазақстан бизнес форумы ұйымдастырылып оған қазақстандық 400-ден астам компания қатысты. 

Польшаның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Т.Запальскийдің қатысуымен өткен баспасөз-жиында ЭКСПО-2017 көрмесіне Польшаның президенті Анджей Дуданың сапары жоспарланғаны белгілі болды. 6-7 қыркүйекте Польшаның Ұлттық күні және Қазақстан – Польша бизнес-форумы жоспарланған.

"Бұл Қазақстан–Польша кәсіпкерлерінің екінші форумы. Форумды ұйымдастыру жаңа экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарын талқылауға, соның ішінде "Бір белдеу, бір жол" Жібек жолы жобаларын дамыту жағдайы, сондай-ақ іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту, экономикалық өзара әрекеттестіктің деңгейін ұлғайту және Қазақстан республикасына поляк инвестицияларын ұлғайтуға тамаша мүмкіндік береді деді", – Т.Запальский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу