Тексеру барысында көлікте 20 тонна құс еті тасымалданғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Құжаттамалық тексеру нәтижесінде өнім өндіруші кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақтың жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға рұқсат етілген өндірушілер тізіміне енгізілмегені белгілі болды. Анықталған құқықбұзушылыққа байланысты жүк көлігі шығу еліне кері қайтарылды, ал жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу