"Қазақстанға жұмыс істеуге келген адамдар бақылауда болады, тиісті ақпараттық жүйелер жұмыс істейді. Ал бүгінде олар біздің ұлттық еңбек нарығымызға қатты әсер етеді деп қорқудың қажеті жоқ. Бүгінде қолда бар деректерді ескерсек, біздің еңбек нарығымызға олардың үлкен әсері жоқ", – деді Дүйсенова.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға Ресей Федерациясынан 262 мың адам келген, оның ішінде 6 518 адам жұмыс істеу үшін.
2019 жылы Ресейден Қазақстанға 30 мың, 2020 жылы 33 мың, 2021 жылы 32 мыңға жуық адам келген.
"Қазір келу-кетуді есепке алғанда, нарықта 25 мыңнан астам ресейліктер бар, олар біздегі мәлімет бойынша кіру мақсаты ретінде жұмысты көрсеткен және жұмыс істеп те жатыр. Ал сол 6 мыңды қоссақ, онда Қазақстанда жұмыс істейтін шамамен 31 мың адам бар", – деп қосты ол.
Бұған дейін ІІМ Қазақстан-Ресей шекарасында республикаға келетін шетел азаматтарының саны 2 есе артқанын хабарлаған болатын.