Қазақстанға Ресейден пошта арқылы сәлемдеме жеткізу құны арзандады

761

Қазпошта мен Ресей Поштасы корпоративті клиенттерден сәлемдеме жеткізу қызметінің тарифін 2,5 есе азайту туралы келісімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ресей поштасы компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанға Ресейден пошта арқылы сәлемдеме жеткізу құны арзандады

2021 жылдың маусымынан бастап корпоративті клиенттерден сәлемдеме жеткізу құны 1 келісіне 474 рубль (бүгінгі күні 1 рубль 5,81 теңге) құрайды. Бұрын бұл қызмет 1197 рубль тұрған еді. Әрбір қосымша келі бұдан былай 214 рубльдің орнына 120 рубль тұрады.

2021 жылдың шілдесіндегі пошта жеткізілімінің жаңа бағдарының арқасында жер үсті сәлемдемелерді жеткізу мерзімі де 10 күннен 6-7 күнге дейін қысқарды. Мәскеуден, Ресейдің батысынан келетін сәлемдемелер Мәскеуден бірден Нұр-Сұлтанға бір күннен кейін жетеді. Бұрын сәлемдемелер Орынбор арқылы Қазақстанға автокөлікпен жеткізілетін.

"Ресей поштасы" АҚ электронды коммерция жөніндегі бас директоры Алексей Скатиннің айтуынша, бұл әдіспен Ресей ЕАЭО елдеріне ресейлік тауарларды көбірек экспорттауға ынталы болып отыр.

Ресей поштасының мәліметіне сәйкес, Қазақстан Ресейден экспортқа тауар шығарылатын елдердің ондығына кіреді. 2021 жылдың І тоқсанында ресейлік пошта Қазақстанға 40 мың сәлемдеме жеткізген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу