Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс жеткізіледі

152

Экология министрлігі осылайша Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру жоспарын орындамақ. 

Қазақстанға Ресейден тағы төрт жолбарыс жеткізіледі Фото: Шедеврум

2025 жылы Іле-Балқаш резерватына Ресейден тағы төрт жолбарыс әкелінбек. Ерекше қорғаудағы аймаққа бұған дейін Нидерландыдан екі жолбарыс жіберілген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыртқыштардың азығы да бірнеше жылдан бері дайындалып жатыр. Аумағы 400 мың гектардан асатын резерватқа 205 бас бұғы, жүзден аса құлан жіберілген. Елік пен қабан санын арттыру да қолға алынған. 

"Тұран" жолбарысы біздің жақта ең соңғы рет 1948 жылы көзге түскен. Негізі бұл жануар аязға төзімді. Нидерландыдан әкелінгеннен кейін қорықта өмір сүріп жатыр. Қазір екеуі де салмақ қосты. Жағдайы жақсы, алдағы жылы күшіктеуі де мүмкін”, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу