Қазақстанға ресейлік дәрігерлер келді

565

32 адамнан тұратын топ құрамында эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы мамандар бар.

Қазақстанға ресейлік дәрігерлер келді

COVID-19 коронавирустық індетіне қарсы бірлескен іс-шаралар және ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келісімдері шеңберінде Ресей ТЖМ арнайы рейсімен Нұр-Сұлтанға Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің және Роспотребнадзордың бір топ дәрігері келді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

32 адамнан тұратын топ құрамында эпидемиолог, вирусолог және басқа да бейінді бағыттардағы мамандар бар.

Ресейлік мамандар қазақстандық дәрігерлерге коронавирустық індет пандемиясымен күресуде консультациялық және практикалық көмек көрсететін болады.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметі мен достас халқына алғысын білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу