Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында И. Гарибашвилиді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.
"Екікүндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екіжақты сауда-экономика ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Грузия премьер-министрі "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу