Қазақстанға ресми сапармен Түркия басшысы келе жатыр

935

Қазақстанға ресми сапармен Түркия басшысы келе жатыр

Түркия президенті  Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 11-12 желтоқсанда Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Yenio Safak агенттігіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

 Атап өтілгендей, Түркия басшысы ресми екі күндік сапары аясында Қазақстан Президентімен жүзбе-жүз, сонан соң делегация құрамында  кездесу өткізеді.  Тараптар екіжақты қатынасты, сондай-ақ діни және халықаралық күн тәртібін талқылайды. Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 3-ші отырысына дайындық мәселесі талқыланады деп күтілуде.

Кеңестің бірінші отырысы 2012 жылы Президент Назарбаевтың Түркияға сапары барысында өткен.

Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы ел. Елдер 1992 жылғы наурызда дипломатиялық қатынастар орнатты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу