Қазақстанға сәлемдеме жібермек болған ресейлік жауапқа тартылды

834

Ресейдің Түмен қаласында әскери рацияны Қазақстанға пошта арқылы жібермек болған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Орал кеден басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстанға сәлемдеме жібермек болған ресейлік жауапқа тартылды

Түмен тұрғыны интернетте "Р-105 М" "Парус" әскери радиостанциясы мен "УМ-2" күшейткішті сататыны туралы хабарландыру жариялаған.

Әскери сарапшының дерегінше, аталған радиостанция 1967-1986 жылдары аралығында шығарылған. Ол төмен радиожиілік диапазондары арқылы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Тұрғын тауарды Қазақстанға жіберу үшін Ресейдің пошта қызметін пайдаланған. Түмен кеденшілері Ресей ФСБ әскери қарсы барлау қызметімен бірлесіп, сәлемдемені сыртқа шығармаған.

"Сараптама аталған техниканың РФ Қарулы күштері Бас байланыс басқармасы басшысының номенклатурасы өнімдерінің тізіміне енгізілгенін, әрі әскери байланыс техникасына жататынын растады. Сондай-ақ бұл типтегі радиостанциялар бүгінде қолданыста және оны шекара арқылы алып жүруге тыйым салынған", – деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысты Түмен тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Соттың үкіміне сәйкес, оған 30 мың рубль (178 846 теңге) айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу