Қазақстанға сапарым одақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашты – Шавкат Мирзиёев

169

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстанға сапарым одақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашты – Шавкат Мирзиёев Фото: Ақорда

Өзбекстан Президенті Қазақстанға жасаған бұл жолғы мемлекеттік сапарының нәтижесінде стратегиялық серіктестік пен одақтастық мүлдем жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бүгін біз Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын ашып отырмыз. Бұл, шын мәнінде, екіжақты қатынастар тарихындағы айтулы оқиға. Бүгінгі келіссөздер біздің нақты бағыттар бойынша ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ достас әрі бауырлас халықтарымыздың өсіп-өркендеуіне ықпал ететініне сенімдімін, – деді Шавкат Мирзиёев.

Өзбек елі басшысының айтуынша, сапар алдында Мемлекетаралық комиссияның отырысы, Бизнес форум және бірқатар мәдени іс-шаралар өтті. 2034 жылға дейінгі Стратегиялық әріптестік пен одақтастық бағдарламасы әзірленді. Сыртқы саясат ведомстволары басшыларының жетекшілігімен кеңес құрылып жатыр. Мұның бәрі екіжақты ықпалдастықтың нығаюына оң септігін тигізеді. 

Кеңес барысында тараптар екі елдің парламенттері, үкіметтері, сыртқы саясат ведомствосы және салалық министрліктері арасындағы байланыстарды арттыра түсу маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар, соның ішінде БҰҰ, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері және "Орталық Азия плюс" форматы аясында бір-біріне қолдау білдіруге уағдаласты.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша бірқатар шешімге қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу