Қазақстанға шетелден аударылатын қаражат көлемі ұлғайған

937

Қазақстанға шетелден аударылатын қаражат көлемі ұлғайған

Жыл басынан бері шетелден Қазақстанға ақша аударылатын транзакциялардың жиілігі артқан, деп хабарлайды Finprom.kz-ке сілтеме жасап 7kun.kz.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға шетелден ақша аударылған транзакциялар саны 311,6 мың болған. Бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 19,8 пайызға немесе 51,6 мыңға көп.

Елімізге шетелден аударылған қаражат көлемі 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 56,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 26,9 пайызға немесе 11,9 млрд теңгеге көп.

Золотая корона мен Western Union жүйелері шетелден аударылған қаражат көлемі жағынан алдыңғы қатарда тұр. Олар нарықтың 65,9 пайызын игеріп отыр.

Наурызда шетелден Қазақстанға 21,5 млрд теңге аударылған. Ал транзакциялар саны бір ай ішінде 20,1 пайызға артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу