Қазақстанға синтетикалық есірткі жеткізгендер ұсталды

187

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана және Алматы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткіні Қазақстан аумағына кіргізіп келген халықаралық арнаны әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанға синтетикалық есірткі жеткізгендер ұсталды Фото: ҰҚК

Құзырлы органдар есірткі жеткізуді ұйымдастырып келген адамды қамауға алған.

Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің жедел қызметкерлері прокуратураның көмегімен есірткі сақталған ірі қойманы тапты.

Есірткі сақтады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен Қазақстан азаматы қамауға алынған. Алдын ала мәліметтер бойынша, есірткі аймақта жұмыс істейтін ірі есірткі дүкенінің мүддесі үшін интернет арқылы сатылыпты.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 келі психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленді.

Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу