Қазақстанға Сирия оппозициясының делегациясы келді – ҚР СІМ

907

Қазақстанға Сирия оппозициясының делегациясы келді – ҚР СІМ

Астана процесіне қатысушылардың сапары туралы "ҚазАқпарат" ХАА-нің тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

"Осы уақытта елімізге Ресей, Түркия, Иран елдері мен БҰҰ-ның Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура және Сирия оппозициясының өкілдері келді", – деп нақтылады Әнуар Жайнақов. 

Ол сонымен қатар бүгін кешке дейін елімізге Сирия үкіметі делегациясының келетіндігі туралы айтты.

"АҚШ-тың атынан Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздерге осы елдің Қазақстандағы елшісі қатысады", – деп жалғастырды Жайнақов.

Сирия мәселесі бойынша өтетін халықаралық келіссөздер Астанада 23 қаңтар күні басталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу