Қазақстанға соңғы үш жылда 2,8 млрд доллар актив қайтарылған

219

Қайтарылған қаражат 466 әлеуметтік және коммуналдық нысанға бағытталған.  

Қазақстанға соңғы үш жылда 2,8 млрд доллар актив қайтарылған Фото: ҚР Бас прокуратурасы telegram

Қазақстанға соңғы үш жылда 2,8 млрд АҚШ доллары көлемінде актив қайтарылды. Бұл туралы Қазанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 36-отырысында Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан прокуратурасының делегациясы отырысқа Берік Асыловтың басшылығымен қатысты. Жиында активтерді іздеу және шетелден қайтару, халықаралық құқықтық ынтымақтастық және қылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Қайтарылған активтер денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және білім беру салаларын қоса алғанда, 466 әлеуметтік және коммуналдық нысанның құрылысына бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды. Оның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдері бар.

Сонымен қатар Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бас прокуратуралары арасында 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламалары бекітілді. Қазақстан мен Қырғызстанның бас прокуратуралары активтерді қайтару саласындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу