Қазақстанға Starlink жүйесінің алғашқы 500 данасы келді

774

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, иннвоациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграм арнасында жазды. 

Қазақстанға Starlink жүйесінің алғашқы 500 данасы келді Фото: newsday

Starlink жабдығының алғашқы партиясы Қазақстанға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келдім. Келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы Starlink жүйесін орнатуға толық дайын мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады. Аталған облыстардың әкімдіктері дайындық жұмыстарын жақсы жүргізді. Қалған өңірлерге 10 күннен кейін жеткізіле бастайды. Барлығы 20 күн ішінде 2000 жинақ келеді, олар елдегі 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді", - деп жазды министр.

Министр аталмыш жаңалықтың Мемлекет басшысының шешімінің арқасында жүзеге асып жатқанын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу