Қазақстанға су жетпей жатыр

1023

Қырғызстан мен Өзбекстан су тұтыну көлемін ұлғайтты. 

Қазақстанға су жетпей жатыр

Атырау облысының барлық аудандары су тапшылығын сезініп отыр. Үкімет басшысы Асқар Маминнің өңірлердегі бизнес субьктілердің іскерлік белсенділігін қалпына келтіру мәселесі бойынша өткізген селекторлық кеңесінде "Досқайыров" шаруа қожалығының директоры Жеңісбек Досқайыров осылай деді. 

Оның сөзінше, Жайық өзенінің бойында орналасқан 30 ауылдық округте 200 мың адам қоныстанған. Мұнда 1 500 шаруа қожалығы бар. Олардың барлығы суға зар болып отыр. 

"Қызылқоға, Мақат, Исатай аудандарында мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар жер асты суына қол жеткізе алмай жүр. Бұған дейігі жылдарда жер асты суын 3 метр тереңдіктен алатын, биыл су 15 метр тереңдіктен шығып жатыр. Бір құдықтың суы 150 бас ірі қараны суаруға ғана жетеді", – деді Жеңісбек Досқайыров.

Оның айтуынша, жайылымдық жердің тапшылығы да мәселе туғызып тұр. 

"Шаруалар малды қамап бағады. Қолда тұрған мал былтырдан қалған ескі шөпті жейді. Салдарынан малдың күйі болмайды", – деді шаруа қожалығының директоры.

Өз кезегінде Қызылорда облысының өкілі, "Абзал и К" шаруашылығы директорының орынбасары Сағидолла Сыздықов күрішшілер де су азабын тартып отырғанын жеткізді. 

"Күріш суаратын су тапшы. Қырғызстан мен Өзбекстан су тұтыну көлемін ұлғайтты. Су қоймаларындағы су бізге жетпей жатыр", – деді Сағидолла Сыздықов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу