Дәл осы ұйымның кесірінен Ауған жерінде мыңдаған адам көз жұмған. Соңғы бір жылдың өзінде 10 мың бейбіт тұрғын бақилық болды. Ақпарат үшін айта кетейін тәліптер Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарған, деп хабарлайды Atameken Business.
Кейін Кабул үкіметіне АҚШ қолдау көрсетіп, террорлық ұйым деп танылған топтар ығысты. Бірақ олар қарулы қақтығысты тоқтатқан жоқ. Сондықтан бұл қозғалыстар қауіпті деп танылды. Біздің еліміздің аумағында тыйым салынған 22 шетелдік ұйым бар. Олардың ішінде Жоғарғы соттың 2005 жылғы шешімімен "Талибан" қозғалысына да шектеу қойылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу