ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 25,8%-ға артқанын айтты, деп жазады strategy2050.kz.
Ж. Қасымбек ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 25,8%-ға артып, 9,3 млрд долларды құрағанын мәлімдеді. Оған қоса, инвестициялардың 60%-ға жуығы тау-кен өнеркәсібі және геологиялық барлауға, 15% - өңдеу саласына, 9% - саудаға және 5% - құрылысқа тиесілі.
Еске салсақ, Doing Business соңғы баяндамасының қорытындысы бойынша Қазақстан 41-орыннан 35-орынға көтеріліп, өз жағдайын айтарлықтай жақсартты. Сонымен бірге, бірқатар көрсеткіштер бойынша едәуір жақсару бар, атап айтқанда "Миноритарлық инвесторларды қорғау" көрсеткіші бойынша Қазақстан 25-орыннан 3-орынға ілгеріледі. Бұдан бөлек, Қазақстан бизнес жүргізу саласындағы заңнаманы жақсартуда ең көп жетістікке жеткен 10 елдің қатарына енді.