"Өзбекэнерго" компаниясы Түркіменстанның Энергетика министрлігімен электр қуатын транзиттеуге қатысты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлайды.
Түркіменбаши қаласындағы "Аваза" конгресс орталығында өткен екі ел президенттерінің келіссөздері нәтижесінде әзірленген құжатқа Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Гуломжон Ибрагимов пен Түркіменстанның Энергетика министрі Чарымырат Пурчеков қол қойды.
Меморандум Түркіменстанның электр қуатын Қазақстан мен Қырғызстанға Өзбекстанның энергожүйесі арқылы транзиттеу бойынша ынтымақтастықты дамытуды қарастырады.
Құжат сондай-ақ "Түркіменэнерго" ГЭК-тің "Өзбекэнергоға" борышын өзара келіскен баға бойынша электр қуатын жеткізу арқылы өтеуді де қамтиды.