Түркия мемлекетінің Әділет министрлігі есірткі заттарын аса көп мөлшерде сату үшін, әрі оны заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған әйелді елге қайтару туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырған.
Істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Елге экстрадициялады.
Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу