Қазақстанға уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы керек – МКК

1706

Бұл талапты орындалмаған жағдайда жүргізушілер көліктің кедендік төлемі мен салығын толық төлеуі тиіс.  

Қазақстанға уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы керек – МКК

Елімізге уақытша әкелінген көліктер 30 қыркүйекке дейін шығарылуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Бұл мерзім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетел яғни үшінші мемлекеттерден уақытша әкелінген автомобильдер мен басқа да көліктерге қатысты. Осы мерзім Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №25 шешімінде көрсетілген", - деп жазылған хабарламада

Бұл шешім одақтың кеден аумағында болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімін тоқтатты.

"Осыған байланысты одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шетел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кедендік аумағына баж алымынсыз жеке мүлігінін алып келуге қатысты жеңілдік болған. 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін көліктер әкетілмеген жағдайда кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленуі тиіс", - деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу