Қазақстанға үш айда 3 млн турист келді

122

Еліміздегі бес жұлдызды қонақүйлер 158 мың қонақты қабылдап, туристік қызмет көлемі 69,4 млрд теңгеге жетті.  

Қазақстанға үш айда 3 млн турист келді Фото: travelpress.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 3 млн адам туристік мақсатта келген. Ал осы кезеңде шетелге шыққан қазақстандықтардың саны 2,47 млн адамды құраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 4 505 орналастыру орны жұмыс істеген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 192 нысанға артық.

Жыл басынан бері қонақүйлер мен өзге де орналастыру орындары 2 млн келушіге қызмет көрсеткен. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам Қазақстанның курорттық аймақтарында демалған.

Туризм саласындағы өсім қызмет көрсету көлемінен де байқалады. Биылғы қаңтар-наурыз айларында орналастыру орындарының көрсеткен қызметтері 69,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға артқан.

Сондай-ақ елімізде "5 жұлдызды" санаттағы 23 қонақүй жұмыс істейді. Бірінші тоқсанда олар 158 мың қонақты қабылдаған. Бұдан бөлек, 45 "4 жұлдызды" қонақүйде 113,5 мың адам орналастырылса, "3 жұлдызды" санаттағы 26 қонақүйдің қызметін 58,9 мың қонақ пайдаланған.

Сарапшылардың пікірінше, туристер ағынының артуы мен орналастыру инфрақұрылымының кеңеюі Қазақстанның халықаралық туристік бағыт ретіндегі тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу