Ресейден Қазақстанға ұшатын үш рейс Мәскеудің Домодедово әуежайынан Внуково әуежайына ауыстырылды. Бұл туралы Ресей федерациясының Қазақстандағы елшілігінен хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.
6 қыркүйектен бастап, SCAT әуе компаниясының Ақтөбе-Мәскеу рейсі Внуково әуежайы арқылы ұшпақ. Бұған дейін ұшақтар Домодедово әуежайына ұшып келетін.
Рейстер аптасына екі рет, сенбі және жұма күндері ұшырылатын болады. Мәскеуден ұшу уақыты сенбі күні 15:50-де, жұма күні - 11:40-та болмақ. Жол жүру уақыты 2 сағат, 20 минут. Жолаушылар үшін Bombardier CRJ 200 әуе кемесі қызмет ететін болады.
Тағы бір айта кетерлігі, қазан айының соңына дейін Ақтау мен Шымкент рейстері де Домодедоводан Внуковоға ауыстырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу