Қазақстанға визасыз келетін елдердің қатары 100-ге жетеді

668

100 елдің азаматтары виза рәсімдемей-ақ Қазақстанға келе алады.

Қазақстанға визасыз келетін елдердің қатары 100-ге жетеді Фото: Қазалы

Бұл туралы Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сондай-ақ, министр Қазақстанда шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасалатынына уәде берді.

"Визасыз елдер тізбесін 100-ге дейін ұлғайту және жаңа тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі пысықталып жатыр. Саладағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру жалғасатын болады, атап айтқанда, даму әлеуеті барынша жоғары туристік дестинацияларда ірі инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді", - деді министр.

А.Ораловтың айтуынша, кешенді шаралар барысында инвестиция өсімі 260 миллиард теңгеге жетеді. Саладағы жұмыспен қамту 800 мың адам болады. 

"Министрлік өңірлердегі бизнеске қолдау көрсетеді. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында кәсіпкерлік белсенділік артады. Аталған шаралар жаңа салалық Тұжырымдама шеңберінде іске асырылатын болады. Нәтижесінде ішкі туристер 11 миллионға дейін, шетелдік туристер 4 миллионға дейін өседі деп күтіледі", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу