Екінші күннің басты сессиясы БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори оқып берген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің құттықтау сөзімен басталды.
"Мен Халықаралық волонтерлер форумына өз құттықтауларымды жеткізіп, Қазақстанға волонтерлікті дамытуға, озық тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға деген адалдығы үшін алғыс айтамын", - делінген құттықтау хатта.
Волонтерлер - Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарын дәріптеушілер. Бас Ассамблея мойындағандай, волонтерлік - 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің кілті, деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.
"Біздің адамзат түрлі қиындықтарды бастан кешіп, тәуекелдермен күресіп жатқанда еріктілерлің күш-жігері мен өз ісіне деген адалдығы керек-ақ. Еріктілер гуманитарлық көмек көрсету, бейбітшілік пен теңдікті жақтау, планетамызды қорғау сияқты басқа да көптеген жолдармен адамдар мен қауымдастықтардың өміріне оң өзгерістер енгізуде", - деді А. Гутерриш.