Қазақстанға заңсыз кірмек болған 4 шетелдік сотталды

605

Пәкістанның 4 азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткендері үшін сотталды.

Қазақстанға заңсыз кірмек болған 4 шетелдік сотталды Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту бабы бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сотталушылар – Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары А, А, М. мен М. 2022 жылдың қазан айында "Жасөркен" шекара бөлімшесі учаскесінің сол қапталында, өткізу пунктінен тыс жерде Қырғызстан аумағынан мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өткен.

Прокурор А, А, М. және М-ға - 6 айға бас бостандығын айыру және 5 жыл мерзімге Қазақстан аумағынан тысқары шығарып жіберу жазасын тағайындауды сұрады.

Кінә іс аясында жиналған дәлелдемелермен, сотталушылардың айғақтарымен дәлелденді. Сотталушылар айыбын толық мойындады.

Сот жаза тағайындау кезінде олардың шын жүректен өкінуін, кәмелетке толмаған балаларының бар екенін жазаны жеңілдетін мән-жай ретінде таныды.

Ауырлататын мән-жай жоқ.

Сот А, А, М. және М.-ға Қазақстан аумағынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу