Қазақстанға заңсыз жолмен жеткізілген темекінің ірі партиясы анықталды

270

Жамбыл облысы бойынша департамент темекінің ірі партиясын (30 мың қорап) әкелудің жолын кесті.

Қазақстанға заңсыз жолмен жеткізілген темекінің ірі партиясы анықталды Фото: ҰҚК

Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметінің қызметкерлері контрабандалық темекінің ірі партиясын тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, 2024 жылғы 3 тамызда "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын (30 мың қорап) әкелудің жолын кесті.

"Ілеспе құжаттары жоқ темекі өнімдерін халық тұтынатын тауарлар түрінде алып өтпекші болған. Жүк одан әрі қарау үшін тиісті органғаберілді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу