Олардың жалпы құны 225,1 миллион долларға бағаланған. Тиісті ақпаратты Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілдігі таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 38,3 тоннаға артық. Өсім 1,6 есе құрады.
Зергерлік бұйымдардың негізгі жеткізушілеріне келсек, тізімде Ресей бірінші орында тұр. Бұл елден Қазақстанға 88,2 тонна (+43%) зергерлік бұйым әкелінген. Одан кейінгі орында Армения тұр – 5,3 тонна. Бір жылда жеткізілім 6,6 есе өскен. Үштікті Таиланд қорытындылады – 0,775 тонна. Бұл 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 22%-ға аз.
Қазақстаннан зергерлік бұйымдарды экспорттау көлемі 17%-ға өсіп, 4,1 тоннаға жетті. Негізгі экспорттық бағыт – Ресей (3,8 тонна). Бір жылда көрсеткіш 1,6 есеге көбейген. Отандық зергерлік бұйымдар Швейцарияға (0,048 тонна), Сингапурға (0,047 тонна) да жеткізілген.