Қазақстанға жақында Қатар Әмірі келеді

606

Бұны Қатар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанда растады.

Қазақстанға жақында Қатар Әмірі келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде қазақ-қатар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.

Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қатар Әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу