Жарты жылда 144,3 миллион доллар көлемінде киім-кешек тасымалданды

1071

Жарты жылда 144,3 миллион доллар көлемінде киім-кешек тасымалданды

Жарты жылдың ішінде елімізге сырттан 144,3 миллион доллардың киім-кешегі келіпті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақыт аралығына қарағанда 0,7%-ға кем түскен. Бұл жайында Finprom ақпарат көзіне сүйеніп, islam.kz хабарлайды.

Дегенмен бұл көрсеткіш отандық өнім өте бастаған екен деуге негіз бола алмайды. Бұған елдер арасындағы сауда айналымының төмен түсуі себеп болуы мүмкін.

Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда аяқ киім импорты екі есе өсіп, 108 млн долларға артқан. Ал әйелдер киімінің импорты ерлерге арналған киімдерге қарағанда бағасы жағынан 26%-ға қымбат болып шықты. Нақтырақ айтқанда, елімізге сырттан келетін киім-кешектің 80 пайызы Түркия, Қытай, Бангладеш, Италия және Өзбекстан елдеріне тиесілі. Түрік киімдерінің мипорты 28 пайызға кеміп, 37,2 млн долларды құраған. Ал қытайдан тасымалданатын киім 33 млн долларды құрап, 9 пайызға артқан. Бангладештен келетін киім импорты 45 пайызға жетіп, 22 млн долларды құраған. Ал италиялық киім импорты 23 пайызға артып, 10,8 млн долларға жеткен. Өзбекстаннан келетін киім импорты 13 пайызға азайды.

Әйелдер киімі негізінен Түркия мен қытайдан импортталады. Ал ерлердікі - Бангладештен. Балалар киімінің импортының 40%-ы Бангладешке тиесілі. 10% — Қытай. Қазақстанның киім импорты ішкі киім өндірісінен үш есе көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу