Қазақстанға жасырынғысы келген лаңкестердің жолы кесілді

755

Қазақстанға жасырынғысы келген лаңкестердің жолы кесілді

Соңғы 10 жылда қанды қырғын ұйымдастырмақ болған бірнеше халықаралық террористік ұйымның көзі жойылды. Мұндай мәліметтер Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған видеороликте айтылды.

"Текетірес" деп аталатын бұл материалда елдегі діни экстремизммен және терроризммен күрес туралы баяндалады. 90 жылдары қарулы қақтығыс өршіп тұрған жерлерден экстремистердің жаппай ағыла бастағаны суреттелген. Яғни, лаңкестік оқиғаларға қатысы бар азаматтар мен бейбіт тұрғындарды қырып салған содырлар ізін жасырып, жалған төлқұжатпен біздің мемлекетте бой тасаламақ болыпты. Алайда олар діттегеніне жете алмады. Содырлардың сойқанын күш құрылымдары алдын ала әшкерелеп, дер кезінде қимылдаған.

Фильмдегі ақпарға сай, мамандар қаскөйлерді құрықтап, шетелдік арнайы қызметтегілерге ұстап берген.

Айта кетейін, видеоролик ведомствоның ресми аккаунтында жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу