Қазақстанмен салыстырғанда нан бағасы Өзбекстанда неге арзан?

611

Министрлік бұл мәселеде екі елдегі наубайхана шығындарын ескеріп, нанның сапасын салыстыруды жөн санайды. 

Қазақстанмен салыстырғанда нан бағасы Өзбекстанда неге арзан? Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Тілшілер ведомство өкілінен Өзбекстанда нан бағасы елімізге қарағанда неге арзан екенін сұрады.

Қайрат Төребаевтың сөзінше, бұл мәселеде өзбек және отандық наубайханалардың қандай шығындарға кезігетінін анықтау керек.

"Мұнда әрбір кәсіпорынның экономикалық негіздемесі бар. Яғни, қандай да бір өнім шығарған кезде ел ішіндегі барлық шығын – электр энергиясы, салықтар және басқа шығындар ескеріледі. Сол себептен бұл ретте бір өнімді теңдей салыстырған жөн. Қазақстандағы нанның сапасы жағынан Өзбекстанмен бірдей ме? Сол себептен бұл мәселе өте күрделі", - деп жауап берді вице-министр Сенат кулуарында.

Айта кету керек, Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, еліміздің 13 өңірінде ұн қымбаттаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу