Енді Ресей виртуалды телефон станциялары арқылы жасалған интернет-қоңырауларды таңбалауды бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
РФ Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының жетекшісі Д.Григоренконың кеңсесі өз мәлімдемесінде азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және алаяқтықпен күресу мақсатында осы қадамға баратынын хабарлаған.
Бұл – Ресей үкіметінің телефон және интернет алаяқтығымен күресу жөніндегі кешенді заң жобасының бір бөлігі.
Таңбалау құқық қорғау органдарына күдікті әрекеттерді тиімді бақылауға және анықтауға көмектеседі деп жоспарланып отыр. Бұл алаяқтардың виртуалды станциялар арқылы жасырын қоңырау шалу мүмкіндігін жоймақ.
Еске салайық, осыған дейін біз "Әлем әжелері" интернет алаяқтарды жаңылыстыруға көшті" деген тақырыпта мақала жариялаған едік.