20 күнде Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған

432

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.  

20 күнде Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған Фото: Видеодан скриншот

Шекарада 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелді, деп жазады inbusiness.kz cайты.

ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерінің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығаруына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

"Тек осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген", – делінген комитет таратқан ақпаратта. 

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.

Айта кетейік, елімізде заңсыз жанар-жағармай тасымалымен күрес үшін Ішкі істер министрінің пәрменімен шекараға 59 полиция бекеті орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу