Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылмақ

507

2024 жылдың ақпанында АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Дэниел Розенблюм өз еліне тікелей рейстерді іске қосу өте күрделі процесс екенін айтты. 

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстері ашылмақ Фото: Shutterstock

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі елімізден АҚШ-қа тікелей рейстерді іске қосуға жол ашатын келісімге қол қойды.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сай, мемлекет басшысының Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде азаматтық авиация комитеті және ҚР АҚШ-тағы елшілігімен бірлесе отырып әрі ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігі бойынша алдын ала халықаралық бағалауды (IASA) өткізу туралы келісімге қол қойды.

IASA алдын ала бағалау процесі ақпарат алмасуды, техникалық көмекті және әлеуетті арттыру шараларын қамтиды.

"Алдын ала бағалау шеңберінде IASA Федералды авиациялық әкімшілігі авиакомпаниялары ұшуға өтініш берген, АҚШ-қа ұшатын немесе америкалық әуе компанияларының кодшер бойынша келісімшартына қатысатын елдердің азаматтық авиация органдарының ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттарын сақтауын бағалайды", делінген Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.

IASA-ны алдын ала бағалау бұдан әрі Федералды авиациялық әкімшілігінің 1-санаттағы мәртебесін алуға бағытталған және тиісті әуе кемелері болған кезде Қазақстан мен АҚШ арасындағы отандық әуе компанияларына тікелей әуе қатынасын іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұл шамамен 2025 жылы болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу