Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер қашан ашылмақ?

250

Қазақстандық делегация Сиэтлге (АҚШ) барып, "Boeing" ұшақтарын құрастыру өндірісімен танысты. 

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер қашан ашылмақ? Фото: inbusiness.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, 28 маусымда басқарма басшысы Жаслан Мәдиев Boeing компаниясының өкілдерімен кездесу өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр бастаған қазақстандық делегация Сиэтлге (АҚШ) барып, "Boeing" ұшақтарын құрастыру өндірісімен танысты.

"Кездесу барысында қазақстандық авиакомпанияларға ұшақтар жеткізу мәселелері талқыланып, Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс үшін алғашқы Dreamliner ұшағын жеткізу 2025 жылдың соңына жоспарланғаны расталды", – деді министрлік. 

Dreamliner жолаушылар ұшағын жеткізу Қазақстанның әуе флотын нығайтуға және елдегі әуе тасымалы деңгейін арттыруға бағытталған.

Boeing – аэроғарыштық технология бойынша әлемдік көшбасшы. Мұнда азаматтық қана емес, әскери және ғарыштық ұшақтар да шығарылады. Boeing өндіріс орындары бүкіл әлемде орналасқан. 2023 жылы Boeing 80 миллиард долларға жуық табыс тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу