Теміржол қатынасы
Бүгінде елімізде жолаушыларды тасымалдау бойынша 154 теміржол маршруты қызмет көрсетеді. Оның ішінде:
- 112 маршрутты – "Жолаушылар тасымалы" АҚ орындайды;
- 30 маршрут – жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;
- 12 маршрут – халықаралық бағыттарда жұмыс істейді.
Жыл басынан бері теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданған. Сонымен қатар, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін вагондар паркін жаңарту жалғасуда – 2025 жылдың алғашқы алты айында 60-қа жуық жаңа вагон сатып алынды.
Әуе қатынасы
Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық бағыттар саны артып келеді. Қазіргі уақытта:
- Ішкі бағыттар бойынша аптасына 849 рейс 61 маршрутпен орындалады;
- Халықаралық бағыттар бойынша аптасына 842 рейс 144 маршрут арқылы жүзеге асады.
Бүгінде Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей әуе қатынасы бар. Халықаралық рейстер келесі елдерге қатынайды:
- ТМД және жақын шет елдер: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Әзірбайжан;
- Еуропа: Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Черногория;
- Таяу Шығыс: Түркия, БАӘ, Катар, Иран, Мысыр, Кувейт, Бахрейн, Оман;
- Азия: Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Тайланд, Малайзия, Моңғолия, Мальдив аралдары.
2025 жылдың алғашқы алты айында әуе көлігімен 7,2 миллион жолаушы сапарлаған.