Қазақстаннан Арменияға мұнай өнімдерін жеткізуді көздейтін келісім ратификацияланды

832

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы Арменияға мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстаннан Арменияға мұнай өнімдерін жеткізуді көздейтін келісім ратификацияланды

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ЕАЭО-ның мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт қабылданғанға дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жекелеген екіжақты келісімдермен реттеледі.

"2020 жылғы 16 шілдеде Нұр-Сұлтанда Арменияға мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің уәкілетті ұйымдарды тарта отырып, Қазақстан аумағынан Арменияға жеткізілімдерді жүзеге асыруы үшін тараптар қажет жағдайлар жасайды. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда экспорттық кедендік баж салығын төлемей, кедендік бақылаусыз жүзеге асырылады", – деді министр.

Министр аталған келісімде мұнай өнімдері саудасының іс жүзіндегі ерекше режимі белгіленген және Қазақстаннан Арменияға мұнай өнімдерін әкету кезіндегі бақылау тетіктері қамтылғанын жеткізді.

"Бұл тетіктер артық мұнай өнімдерін Армения нарығына өткізуге мүмкіндік береді, бұл мұнай өнімдерінің ішкі теңгеріміне оң әсер етеді және Қазақстанның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің түсімін арттырады. Сондай-ақ заң жобасы Қазақстаннан мұнай өнімдерін әкетуді ретке келтіреді және ішкі нарықты Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне мұнай өнімдерінің бақылаусыз ағынынан қорғайды...", – деді министр. 

Мәжіліс депуттары заң жобасы мақұлдады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу