Қазақстаннан Ауғанстанға жіберілетін бидай экспортының ақысы қалай өтеледі?

891

Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды мұқият қадағалап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстаннан Ауғанстанға жіберілетін бидай экспортының ақысы қалай өтеледі?

Жылдарға жылғасқан жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеме жасады. Қазір Қазақстан Ауғанстандағы ахуалды мұқият қадағалап отыр. Ресми Нұр-Сұлтан, Кабулдегі билік жылдар бойы реттелмеген шиеленісті ауған жұрты өзі таразылап, шешуі тиіс деп есептейді. Дегенмен, еліміз Ауғанстанның жаңа билігімен Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, этностар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау шарттары орындалған жағдайда диалог құруға дайын!

Расымен, Қазақстаннан Ауғанстанға жіберілетін бидай экспортының ақысы қалай өтеледі? Ауғанстан  Қазақстан бидайы мен ұны экспортталатын негізгі нарықтардың бірі, бұл жағдай қазақстандық астық өндірушілерге теріс әсер етуі мүмкін. Себебі, Қазақстанның бидай мен ұн жөніндегі экспорттық әлеуеті 6,5-7 миллион тонна көлемінде болады делінген. Былтыр Ауғанстанға барлығы 2 миллион тонна тасымалданғанын ескерсек, бидайдың жалпы экспортының, шамамен, 15-20 пайызы Ауғанстанға тиесілі. Енді мұны қалай өтейміз?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу