Қазақстаннан ауыр стероидтердің ірі партиясын заңсыз әкету фактісі анықталды

125

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Қазақстаннан ауыр стероидтердің ірі партиясын  заңсыз әкету фактісі анықталды Фото: gov.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды.

206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді.

Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот "үй қамағына алу" бұлтартпау  шарасын қолданды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу