"Ресей темір жолы" ААҚ (РТЖ) инвентарлық парк вагондары арқылы Қазақстаннан Қиғаш ( Ресей-Қазақстан шекарасы) - Самур (Ресей-Әзербайжан шекарасы) маршруты бойынша транзиттік астық тасымалына 45 пайыздық жеңілдік енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы РТЖ-Партнер басылымы ААҚ басқармасы отырысының хаттамасына сілтеме жасап жазады.
ТМД елдері темір жолдарының халықаралық жүк тасымалы тарифтік саясаты мөлшерлемесіне енгізілген бұл өзгеріс 1 наурыздан бастап 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу